Қалалық мәслихаттың 20 сессиясы қарсаңында қаланың мемлекеттік мекемелері басшыларының қатысуымен Сәтбаев қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес депутаттар «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының» Сәтбаев қаласында іске асырылу барысы туралы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы Жезқазған аймақтық өкілдігінің басшысы Б.Ә. Айтпаеваның баяндамасын талқылады.
Келесі мәселе бойынша депутаттар Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ және «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысын қарады. Аудиттың қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік мекемелердің баяндамалары тыңдалды және тиісті қаулы қабылданды.
Сондай-ақ, тұрақты комиссияның мүшелері алдағы сессияның күн тәртібінің жобаларын мақұлдады.