Дүйсенбі, 28 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңалықтар (230)

2017 жылғы 22 ақпанда қалалық мәслихатта Сәтбаев қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті, отырыста Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» ММ жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы қаралды, сондай-ақ, кезекті сессияның күн тәртібінің негізгі мәселелері алдын-ала тыңдалды.
Іс-шараға «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Е.Х. Сәкеев, «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы Б.Ж. Досжан, «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Б.Ө. Жайлаубаев, Сәтбаев қаласының Жастар ресурстық ортылығының директоры Н.Ғ. Күлбай қатысты

 

3

3

3

3

3

3

Ақпараттық хабар

| Автор:  Жұма, 30 Желтоқсан 2016 00:00

2016 жылғы 26 желтоқсанда қалалық әкімдіктің үлкен залында  Сәтбаев қалалық мәслихатының 13-сессиясы болып өтті.

         Сессияда қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.А.Геймбух мемлекеттік әкімшілік қызметке ауысуына байланысты  № 8 сайлау округы бойынша қалалық мәслихаттың  депутаты А.Қ.Төлендинаның және № 9 сайлау округы бойынша  депутат С.Ә.Мырзақоңыровтың қайтыс болуына байланысты депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарлама жасады.

Депутаттар 2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджетті және Сәтбаев қаласының даму бағдарламасын бірауыздан қолдады. Бұл мәселелер бойынша сессияда қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Х.Сәкеев баяндама жасады.

Сессияда Сәтбаев қаласы аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы Сәтбаев қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Б.Қ.Аманжоловтың  есебі тыңдалды.

Сонымен қатар 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И.Хмилярчук және Әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі И.Бралин есеп берді.

Сессияның күн тәртібіне сәйкес нормативтік құқықтық актілер қабылданып, қала әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізілді.  Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алудың (алып қою) 16 шартының жобаларымен келісілді. Қалалық мәслихаттың 2017 жылға арналған жұмыс жоспары және «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММнің 2017 жылға арналған қаржыландыру жоспары бекітілді.

Қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып  депутат Қ.К.Жанасылова сайланды. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып № 2 сайлау округынан депутат Қайрат Ұзақұлы Керімқұлов сайланды.

Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сессияның жұмысына қала әкімі, оның орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Сессия соңында қала әкімі А.А.Ыдырысов қаланың 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын қорытындылады.

2016 жылғы 25 қазанда Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтіп, онда Қоғамдық кеңестің құрамынан шығып қалған мүшелерінің орнына конкурсқа қатысу үшін келіп түскен құжаттар қаралды. Жұмыс тобының төрағасы Т.И.Хмилярчуктің ақпараты бойынша барлығы 2 ұсыныс: 1-і коммерциялық емес ұйымнан және 1 өтініш азаматтан келіп түскен. Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттар қаралғаннан кейін әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру жүргізу арқылы  қаланың Қоғамдық кеңесінің құрамынан шығып қалған мүшелердің орнына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды қалалық мәслихаттың алдағы сессиясының қарауына енгізу туралы шешім қабылданды.

 

3

3

3

3

3

3

Сәтбаев қалалық мәслихатының қалалық сайлау комиссиясының,қалалық мәслихат  депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының және

учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

            «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес сайлау комиссияларының кейбір мүшелерінің міндеттерін атқарудан босатылуына байланысты Сәтбаев қалалықмәслихаты саяси партиялардың ұсыныстары негізінде қалалық сайлау комиссиясының,№№  1, 2, 4, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13  қалалық мәслихат  депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының  және №№  493, 494, 495, 496, 497, 498, 499, 500, 501, 502, 503, 504, 505, 506, 507, 508, 509, 510, 511, 512, 513, 514, 515, 516, 517, 518, 520, 521, 522, 523 учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізетіндігін хабарлайды. 

Қалалық мәслихатқа белгіленген формада кандидатуралардың тізімдері жіберіледі: атауы, сайлау комиссиясының нөмірі, комиссияның мекен-жайы, кандидатураның аты-жөні, туған күні, айы, жылы, жеке басы куәлігінің нөмірі, берген мекеме, берілген күні, ұлты* (кандидаттың еркіне байланысты), білімі, мамандығы, жұмыс орны, лауазымы, қызмет телефоны, тұратын мекен-жайы, үйінің телефоны, саяси партия немесе қоғамдық бірлестіктің мүшесі болып табыла ма*(кандидаттың еркіне байланысты). Осы мәліметтерге саяси партия немесе өзге де қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, құрылатын сайлау комиссиясына қатысты жоғары құрылымның төрағасы қол қояды.

Ұсынылған кандидатуралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 2-1, 10-тармақтарына,  20-бабының 12-тармағына сәйкес болулары тиіс.

Жоғарыда аталған формаға қосымша келесі құжаттар тапсырылады:

            1. Саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының  кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасынан үзінді, сондай-ақ жоғары сайлау комиссия  шешімінің үзіндісі.

  1. Саяси партия немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі жөніндегі құжаттың көшірмесі.

3. Мынадай формада әрбір кандидаттың жеке парағы: аты-жөні, туған күні, ұлты, білімі, саяси партияға қатысы, жұмыс орны, лауазымы, тұратын мекен-жайы, байланыс телефоны,  жеке басы куәлігінің көшірмесі; 

  1. Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуына келісім берген қалалық мәслихат хатшысының атына жазған өтініші және белгіленген формада кандидаттың өмірбаяндық мәліметтері. 

Қалалық мәслихат ұсыныстарды 2016 жылдың 14 қазанынан 12  қарашасына дейінгі мерзім ішінде қабылдайды.

Қалалық мәслихаттың мекен-жайы:

Сәтбаев қаласы, акад. Қ. Сәтбаев даңғылы, 108, 38 кабинет.

Қалалық мәслихаттың хатшысы – Хмилярчук Татьяна Иванована.

Материалдарды жинауға жауапты: Баканова Ырзагүл Бейсенқызы, қалалық мәслихат аппаратының бас маманы, жұмыс тел. (871063) 3-50-72, факс: (871063) 3-45-23, электрондық почта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сәтбаев қалалық

мәслихатының хатшысы                                                                               Т. Хмилярчук

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 2016 жылдың 13 – 22 қазаны аралығында Қоғамдық кеңестің құрамынан оның мүшелерінің мерзімінен бұрын шығуына байланысты Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына оның өкілеттігінің қалған мерзіміне коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар, өтініштер қабылдайтындығын хабарлайды.   

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатты коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

  1. сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

  1. психикалық ауруғаалкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгілері қосымшаланған);

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады (үлгі қосымшаланған).

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидат қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

Ұсыныстар мына мекен-жай бойынша: Сәтбаев қаласы, Академик Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108, № 35  кабинет, тел.: 3-44-53, 3-50-72, күн сайын қабылданады, жұмыс уақыты 09.00-ден 18.30-ге дейін, үзіліс уақыты 13.00-ден 14.30-ге дейін. Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ.

Ескерту: егер кандидат «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы бойынша мәліметтер ұсынбаған жағдайда кандидат осы мәліметтер бойынша сұраныс жасауға жазбаша келісім береді.