Сәтбаев қалалық мәслихатының қалалық сайлау комиссиясының,қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының және
учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес сайлау комиссияларының кейбір мүшелерінің міндеттерін атқарудан босатылуына байланысты Сәтбаев қалалықмәслихаты саяси партиялардың ұсыныстары негізінде қалалық сайлау комиссиясының,№№ 1, 2, 4, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының және №№ 493, 494, 495, 496, 497, 498, 499, 500, 501, 502, 503, 504, 505, 506, 507, 508, 509, 510, 511, 512, 513, 514, 515, 516, 517, 518, 520, 521, 522, 523 учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізетіндігін хабарлайды.
Қалалық мәслихатқа белгіленген формада кандидатуралардың тізімдері жіберіледі: атауы, сайлау комиссиясының нөмірі, комиссияның мекен-жайы, кандидатураның аты-жөні, туған күні, айы, жылы, жеке басы куәлігінің нөмірі, берген мекеме, берілген күні, ұлты* (кандидаттың еркіне байланысты), білімі, мамандығы, жұмыс орны, лауазымы, қызмет телефоны, тұратын мекен-жайы, үйінің телефоны, саяси партия немесе қоғамдық бірлестіктің мүшесі болып табыла ма*(кандидаттың еркіне байланысты). Осы мәліметтерге саяси партия немесе өзге де қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, құрылатын сайлау комиссиясына қатысты жоғары құрылымның төрағасы қол қояды.
Ұсынылған кандидатуралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 2-1, 10-тармақтарына, 20-бабының 12-тармағына сәйкес болулары тиіс.
Жоғарыда аталған формаға қосымша келесі құжаттар тапсырылады:
1. Саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасынан үзінді, сондай-ақ жоғары сайлау комиссия шешімінің үзіндісі.
- Саяси партия немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі жөніндегі құжаттың көшірмесі.
3. Мынадай формада әрбір кандидаттың жеке парағы: аты-жөні, туған күні, ұлты, білімі, саяси партияға қатысы, жұмыс орны, лауазымы, тұратын мекен-жайы, байланыс телефоны, жеке басы куәлігінің көшірмесі;
- Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуына келісім берген қалалық мәслихат хатшысының атына жазған өтініші және белгіленген формада кандидаттың өмірбаяндық мәліметтері.
Қалалық мәслихат ұсыныстарды 2016 жылдың 14 қазанынан 12 қарашасына дейінгі мерзім ішінде қабылдайды.
Қалалық мәслихаттың мекен-жайы:
Сәтбаев қаласы, акад. Қ. Сәтбаев даңғылы, 108, 38 кабинет.
Қалалық мәслихаттың хатшысы – Хмилярчук Татьяна Иванована.
Материалдарды жинауға жауапты: Баканова Ырзагүл Бейсенқызы, қалалық мәслихат аппаратының бас маманы, жұмыс тел. (871063) 3-50-72, факс: (871063) 3-45-23, электрондық почта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Сәтбаев қалалық
мәслихатының хатшысы Т. Хмилярчук