Дүйсенбі, 28 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңалықтар (230)

Сессияға дайындық

| Автор:  Сәрсенбі, 11 Сәуір 2018 04:39

«Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі заңнамасының іске асырылу барысы туралы» мәселені қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына әзірлеу аясында 2018 жылдың 10 сәуірінде мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук бастаған депутаттық жұмыс тобы халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі заңнаманың іске асырылу барысын зерделеу мақсатында №№ 7, 25 мектептердегі инклюзивті білім беру сыныптарында және мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс бөлімшесінде болды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 2018 жылдың 10 – 19 сәуірі аралығында Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына шығып қалған мүшесінің орнына коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар, өтініштер қабылдайтындығын хабарлайды.   
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатты коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруғаалкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгілері қосымшаланған);
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады (үлгі қосымшаланған).
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидат қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Ұсыныстар мына мекен-жай бойынша: Сәтбаев қаласы, Академик Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108, № 35  кабинет, тел.: 3-44-53, 3-50-72, күн сайын қабылданады, жұмыс уақыты 09.00-ден 18.30-ге дейін, үзіліс уақыты 13.00-ден 14.30-ге дейін. Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ.

Ескерту: егер кандидат «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы бойынша мәліметтер ұсынбаған жағдайда кандидат осы мәліметтер бойынша сұраныс жасауға жазбаша келісім береді.

ҮЛГІ

 

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін
қалыптастыру жөніндегі
жұмыс тобының басшысы
Т.И.Хмилярчук

 

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына
кандидат ұсыну туралы
ӨТІНІШ

Мен, ___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабымен Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігімді растаймын (тиісті анықтамаларды қосымшалауды ұсынамыз).
Конкурс туралы хабарландырумен қарастырылған құжаттарды осы өтінішке  қосымша ұсынамын.

 

20___ жылғы «____» _________  ______________    ____________________
(қолы)                            (атының бастапқы әрпі, тегі)

 

 

 

 

 

 

 

ҮЛГІ

 

 

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін
қалыптастыру жөніндегі
жұмыс тобының басшысы
Т.И.Хмилярчук

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына
кандидат ұсыну туралы
ҰСЫНЫС

_____________________________________________________________________________
(коммерциялық емес ұйымның атауы)
___________________________________________________ аумағында тіркелген және

(немесе) өз қызметін жүзеге асырушы,

заңды мекен-жайы:
_____________________________________________________________________________

қызмет мақсаты:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына ұсыну үшін  _________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________________________________________________________________
лауазымы (немесе өзге статусы)
кандидатурасын қарауды сұрайды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабымен Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігімді растаймыз (тиісті анықтамаларды қосымшалауды ұсынамыз).
Кандидаттың кәсіптік және (немесе) өзге қызметі туралы мәліметтер, өмірбаян деректері көрсетіле отырып қосымшаланған. 

20____ жылғы «____» _________  
_______________________             ____________________       __________________________
(лауазымы)                                                            (қолы)                                         (атының бастапқы әрпі, тегі)

Мөр орны

 

 

 

ҮЛГІ

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидаттың
ӨМІРБАЯН ДЕРЕКТЕРІ

1. Аты-жөні ___________________________________________________________________

2. Туған күні, айы, жылы _______________________________________________________

3. Туған жері __________________________________________________________________

4. Қазақстан Республикасының азаматтығы ________________________________________

5. Ұлты *_____________________________________________________________________

6. Білімі, мамандығы ___________________________________________________________

7. Жұмыс орны, лауызымы ______________________________________________________

8. Партиядағы мүшелігі *________________________________________________________

9. Тұрғылықты мекен-жайы _____________________________________________________

10. Жеке куәлігі (төлқұжаты)  ­­№ ________________ берілген _________________________
(қашан және кіммен)    
ЖСН ________________________________________________________________________

11. Байланыс телефондары, электрондық мекен-жайы
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

12. Қосымша мәліметтер (наградалары, сайланбалы органдарға қатысуы туралы мәліметтер,

хабарлағыңыз келетін басқа да мәліметтер) _____________________________
_____________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________

(кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса ұсынылады)

 

________________       ____________________________
(кандидаттың қолы)                     (атының бастапқы әрпі, тегі)

2018 жылғы «____» _______________
(толтырылған күні)    

* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабының 1-тармағына сәйкес қай ұлтқа жататындығы және партияға мүшелігі туралы мәлімет үміткердің еркіне байланысты көрсетіледі.

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы

| Автор:  Сейсенбі, 27 Ақпан 2018 09:37

2018 жылғы 22 ақпанда депутат Ерболат Жалғасбайұлы Сатыбалдинның төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының 25 сессиясы өтті.
«Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы туралы» мәселе бойынша «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Б.Ө. Жайлаубаев баяндама жасады, депутат Ш.С.Мұхамедғалиева тұрақты комиссияның анықтамасын ұсынды. Сессияның күн тәртібі бойынша Сәтбаев қаласының қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі және экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есептер тыңдалды. Сессияда сондай-ақ,  қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді пайдаланатын күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың санаттарын бекіту, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларымен келісу және ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды, кезекті сессияның төрағасы болып депутат Ш.С.Мұхамедғалиева сайланды.
Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары С.Н.Нарботаев, мемлекеттік мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың және «Қазақмыс» корпорациясы Жастар одағының өкілдері қатысты. 

Сәтбаев қаласы                                                                      2018 жылғы 6 ақпан

Қалалық мәслихаттың 25-сессиясын шақыру туралы

Сәтбаев қалалық мәслихатының кезекті жиырма бесінші сессиясы 2018 жылғы 22 ақпанда сағат 11.00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ шақырылсын.

                                                                                                        Е. Сатыбалдин,
сессия төрағасы

Хабарлама

         Қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 22 ақпандағы 25-сессиясында қарауға ұсынылатын мәселелер:
1. «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы туралы.
2. Экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
3. Сәтбаев қаласының қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының есебі туралы.
4. Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы.
5. Қалалық мәслихаттың 26-сессиясының редакциялық комиссиясын cайлау туралы.
6. Қалалық мәслихаттың 26-сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Тұрақты комиссиялардың отырыстары 2018 жылғы 21 ақпанда сағат 16.00-де қала әкімдігінің кіші залында өтеді.

 

                                                                                                           Т. Хмилярчук,
қалалық мәслихат хатшысы

Мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылау

| Автор:  Дүйсенбі, 29 Қаңтар 2018 10:03

2018 жылғы 26 қаңтарда  Қ.Қ. Жанасылованың төрағалығымен қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Жиында  білім беру мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша Депутаттық сағат ұсынымдарының орындалысы туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Б.Б.Ақышбековтың, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Г.Ш.Жалмурзинаның  ақпараттары тыңдалды. Қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук, қала әкімінің орынбасары А.Қ.Төлендина  қорытынды сөз сөйлеп, тиісті қаулы қабылданды.  Отырысқа білім мекемелерінің басшылары, мектеп асханаларын жалға алушы және азық-түлікпен қамтамасыз етуші жеке кәсіпкерлер қатысты.