2018 жылғы 22 ақпанда депутат Ерболат Жалғасбайұлы Сатыбалдинның төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының 25 сессиясы өтті.
«Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы туралы» мәселе бойынша «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Б.Ө. Жайлаубаев баяндама жасады, депутат Ш.С.Мұхамедғалиева тұрақты комиссияның анықтамасын ұсынды. Сессияның күн тәртібі бойынша Сәтбаев қаласының қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі және экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есептер тыңдалды. Сессияда сондай-ақ, қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді пайдаланатын күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың санаттарын бекіту, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларымен келісу және ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды, кезекті сессияның төрағасы болып депутат Ш.С.Мұхамедғалиева сайланды.
Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары С.Н.Нарботаев, мемлекеттік мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың және «Қазақмыс» корпорациясы Жастар одағының өкілдері қатысты.