Сессия отырысында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.А. Геймбух Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі кезектен тыс сайлауының және алтыншы шақырылған қалалық мәслихат депутаттарының сайлауының қорытындысы туралы хабарлама жасады. «Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ә. Дәрібаев қалалық мәслихатта партияның фракциясын құру туралы ұсыныс білдіріп, сөз сөйледі.
Қала әкімі Асқар Абылайұлы Ыдырысов жаңадан сайланған қалалық мәслихат депутаттарын құттықтап, депутаттық қызметтерінде табыстар тіледі.
Ашық дауыс берудің қорытындысы бойынша Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы болып № 7 сайлау округі бойынша депутат Хмилярчук Татьяна Ивановна бірауыздан сайланды.
Қалалық мәслихаттың екі тұрақты комиссиясы құрылды:
1) экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі (төрағасы – Цой Владимир Леонидович, № 12 сайлау округі бойынша депутат, Жезқазған политехникалық колледжінің директоры);
2) әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі (төрағасы – Мырзақоңыров Сұлтанбек Әлиұлы, № 9 сайлау округі бойынша депутат, «Кәсіп Қазақмыс» тау-кен өндірісі, металлургия кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары).
Сессияда 12 депутаттан құралған «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы тіркелді. Сонымен қатар, кезекті сессияның күн тәртібін бекіту және төрағасын сайлау туралы шешім қабылданды.