Дүйсенбі, 28 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Қоғамдық кеңестің құрамына оның қалған мерзіміне конкурс туралы хабарландыру

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Бейсенбі, 07 Шілде 2016 04:05
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің құрамынан оның қалған мерзімінде мүшесін мерзімнен бұрын шығаруға байланысты 2016 жылдың шілде айының 5-нен 14-не дейін коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына кандидат жөнінде ұсыныстар, өтініштер қабылдайтынын хабарлайды.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатты коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
   1) сотталғандығы болмауы;
   2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
   3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
   1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгілері қосымшаланған);
  2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады (үлгі қосымшаланған).
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидат қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Ұсыныстар мына мекен-жай бойынша: «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ, Сәтбаев қаласы, Академик Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108, № 35 кабинет, тел.: 3-44-53, 3-50-72, күн сайын қабылданады, жұмыс уақыты 09.00-ден 18.30-ге дейін, үзіліс уақыты 13.00-ден 14.30-ге дейін. Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .
Ескерту: егер кандидат «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы бойынша мәліметтер ұсынбаған жағдайда кандидат осы мәліметтер бойынша сұраныс жасауға жазбаша келісім береді.

Оқылды: 4762 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 07 Шілде 2016 04:06

Келесі автордың соңғы жариялағандары: manager