Жексенбі, 27 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңалықтар (230)

Сәтбаев қалалық мәслихатының
2019 жылғы 19 ақпандағы
42-сессиясының  № 377 шешіміне
қосымша

 

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамы

Байтоқов                                         -        «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС                     
Бауыржан Қозы-Көрпешұлы                  ШЖК ӨБ инженері;

Дастанов                                          -        «Шындық» ҚБ төрағасы;
Абдолла Байділдаұлы                            

Жанғаскинова                                 -        жеке кәсіпкер;
Шолпан Серікқызы                                 

Жук                                                  -        «Т.Г. Шевченко атындағы украин
Оксана Николаевна                                  мәдени орталығы» ҚБ төрағасы;

Инсебаев                                          -        жеке кәсіпкер;
Әбутали Өтеғалиұлы                                

Қонысбай                                        -        «Сәтбаев қалалық «Шарайна»
Нұрлат Аманбайұлы                                газетінің редакциясы» ЖШС корреспонденті;

Қошанов                                          -        «Тәуекел» мүгедектер қоғамы» ҚБ
Асқар Өмірзақұлы                                    төрағасы;

Мәдиева                                           -        Сәтбаев  қаласы «Аманат» саяси
Марал Сағнайқызы                                 көшбасшылық мектебінің төрағасы;

Малая                                              -        «Сәтбаев  қаласының  емханасы» КМК
Юрате Альфонсовна                                клиникалық психологы;

Мулаков                                          -        «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС 
Абулаис Түсіпбекұлы                              жанындағы «Ардагерлер кеңесі» ҚБ Сәтбаев филиалы бюросының жетекшісі;

Сейтжанова                                     -        «Сәтбаев қаласының ішкі саясат
Әйгерім Думанқызы                                бөлімі» ММ сектор меңгерушісі; 

Тұрлұбек                                         -        жеке кәсіпкер;
Алаш Мырқалұлы                                  

Хмилярчук                                      -        Сәтбаев қалалық мәслихатының
Татьяна Ивановна                                    хатшысы.

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы

| Автор:  Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 06:54

2019 жылғы 19 ақпанда депутат И.Бралинның төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының 42 сессиясы болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес депутаттар «Сәтбаев  қаласының  білім   бөлім» ММ  басшысы Б.Б.Ақышбековтың  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қаланың  жалпы  білім  беру  мектептерінде  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыру туралы  есебін тыңдады. Әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Қ.Жанасылова уақытша жұмыс комиссиясының қорытындысымен сөз алды. Білім бөлімінің есебін қорытындылай келе,  мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук бағдарламаның жобаларын іске асыру бағытындағы қаланың жалпы білім беру мектептерінің оң тәжірибелерін атап өтті.
Күн тәртібінің «Бизнестің  жол  картасы-2020»  бизнесті   қолдау  мен   дамытудың мемлекеттік бағдарламасының Сәтбаев   қаласында  іске  асырылуы  туралы мәселесі бойынша «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы М.Бапов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Ғ.Сүтбаев баяндамалар жасады. Депутаттық комиссияның қорытындысында бюджет, экономикалық реформа, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы В.Цой қалада жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылып отырған жұмыстарға қарамастан, шағын және орта бизнес нысандары құрылымында өнім өндіруші кәсіпорындардың әлі де көп емес екендігін ескертті. Осыған байланысты депутаттық комиссия тұрғындар арасында, оның ішінде жастар арасында жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша үгіт-насихат жұмысын белсенді жүргізуді ұсынды.
Күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша депутаттар Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, мәслихат хатшысы Т.Хмилярчуктың ұсынымы негізінде Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамын және қала әкімдігі жанындағы ведомстоваралық комиссиялардың құрамдарындағы өзгерістерді бекітті, Жезқазған кентін көшіруге байланысты жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларын келісті. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат Жақия Асанғазыұлы Күнеділов сайланды.

2019 жылғы 18 ақпанда Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтіп, онда Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар бойынша келіп түскен құжаттар қаралды. Жұмыс тобының төрағасы Т.И.Хмилярчуктің ақпараты бойынша   коммерциялық емес ұйымдардан барлығы 7 ұсыныс және 9 өтініш азаматтардан келіп түскен. Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттар қаралғаннан кейін әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру жүргізу арқылы  қаланың Қоғамдық кеңесінің құрамы қалыптастырылды, құрам қалалық мәслихаттың сессиясының бекітуіне жолданды.

2019 жылғы 18 ақпан күні сағат 16.00 де қалалық мәслихатта, Сәтбаев қаласы, академик Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108 мекен-жайы бойынша,  Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының  отырысы келесі  күн тәртібімен өткізіледі:

1. Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесі мүшелігіне кандидаттар бойынша келіп түскен құжаттарды талқылау.
2. Әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді өткізу.
3. Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің ережесінің жобасы туралы.

ХАБАРЛАНДЫРУ

| Автор:  Жұма, 01 Ақпан 2019 00:00

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже негізінде Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланады.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 13 адам, оның 3-і – мемлекеттік органның өкілдері, 10-ы – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.
Конкурс мүшелері «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10-бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:
1. Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгі қалалық мәслихаттың сайтында http://maslihat.satpaev.gov.kz);
2. Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер.
Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа құжаттар тапсыру мерзімі:
2019 жылдың 4 ақпанынан 2019 жылдың 15 ақпанына дейін.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: 101302, Сәтбаев қ., Академик Қ.Сәтбаев д., 108, 3-қабат.
Электрондық мекен-жай: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Байланыс телефоны: 8 (71063) 34523, 34453.
Жұмыс тобы