«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже негізінде Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланады.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 13 адам, оның 3-і – мемлекеттік органның өкілдері, 10-ы – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.
Конкурс мүшелері «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10-бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:
1. Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгі қалалық мәслихаттың сайтында http://maslihat.satpaev.gov.kz);
2. Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер.
Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа құжаттар тапсыру мерзімі:
2019 жылдың 4 ақпанынан 2019 жылдың 15 ақпанына дейін.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: 101302, Сәтбаев қ., Академик Қ.Сәтбаев д., 108, 3-қабат.
Электрондық мекен-жай:
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Байланыс телефоны: 8 (71063) 34523, 34453.
Жұмыс тобы