2019 жылғы 18 ақпанда Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтіп, онда Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар бойынша келіп түскен құжаттар қаралды. Жұмыс тобының төрағасы Т.И.Хмилярчуктің ақпараты бойынша коммерциялық емес ұйымдардан барлығы 7 ұсыныс және 9 өтініш азаматтардан келіп түскен. Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттар қаралғаннан кейін әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру жүргізу арқылы қаланың Қоғамдық кеңесінің құрамы қалыптастырылды, құрам қалалық мәслихаттың сессиясының бекітуіне жолданды.