кезектен тыс 62 сессиясы өтті. Депутаттар қаланың нақтыланған бюджет жобасын талқылады, жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының 6 жобасын келісті, қаланың қоғамдық кеңесінің және № 282 учаскелік сайлау комиссиясының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат В.Юстус сайланды. Сессияның жұмысына қала әкімі А.А. Ыдырысов қатысып отырды.
Сессия соңында мәслихат хатшысы Т.И. Хмилярчук депутаттарды елімізде төтенше жағдай енгізуіне байланысты қазіргі уақытта сайлаушылар арасында БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге шақырды.
Елімізде тіркелген коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 15 сәуіріне дейін мәслихат хатшысының, сонымен қатар депутаттардың «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалындағы қоғамдық қабылдауындағы азаматтарды жеке қабылдаулары уақытша тоқтатылады.Өтініштеріңізді «Е-gov» электрондық үкімет порталы және «Қазпошта» АҚ арқылы жазбаша түрде жолдауларыңызға болады.
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылы 21 ақпаны болып өткен кезекті 60-сессиясында депутаттар бірқатар өзекті мәселелерді қарады. Мәселен, сессияда Сәтбаев қаласы полиция бөлімі бастығының м.а. М.А.Әубәкіровтың қалалық полиция бөлімінің құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес жөніндегі жұмысы туралы ақпараты тыңдалды. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ басшысы Қ.Б.Ашықбаев, «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы М.Т.Бапов нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша атқарылып отырған жұмыстар туралы есеп берді.
Тұрақты комиссиялардың төрағалары Цой В.Л. және Жанасылова Қ.Қ. мәселелерді сессияның қарауына әзірлеу қорытындылары негізіндегі депутаттық жұмыс топтардың анықтамаларын ұсынды. Салық кодексіндегі өзгерістерге сәйкес тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы шешімнің күшін жою туралы шешім қабылданды. Сессияда сонымен қатар жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарт жобалары келісілді; қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының жұмыс органдары сайланды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» Сәтбаев қаласында іске асырылу барысы туралы» мәселені қалалық мәслихат сессиясының қарауына әзірлеу аясында 2020 жылғы 5 ақпанда «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ-де депутат күні өтті. Депутаттар «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы М.Т. Баповтың, «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ басшысы Қ.Б. Ашықбаевтың, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы қалалық филиалының директоры Ғ.Ж. Сүтбаевтың бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жүргізіліп отырған жұмыстары туралы ақпараттарымен, сонымен қатар жұмыспен қамту орталығының қызметімен танысты.
Жезқазған өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Ершов Сергей Михайлович пен Қожахметов Арман Төлешұлы 2020 ж. 8 қаңтарда Сәтбаев қаласындағы «Қамқор» әлеуметтік қолдау орталығында және «Эберман А.В.» ЖК «TrikSat» тігін-тоқу шеберханасында болды. Депутаттар кәсіпорындардың жұмысымен танысты, сондай-ақ жергілікті өкілді орган депутаттарымен және қала басшылығымен кездесу өткізді. Қос палата мүшелері Парламенттің заңшығарушылық қызметі туралы баяндады, депутаттар мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары журналистерінің сұрақтарына жауап берді.
Жұмыс сапарында Парламент депутаттарымен қалалық мәслихат хатшысы Татьяна Ивановна Хмилярчук және қала әкімінің міндетін атқарушы Нарботаев Сұлтан Нұрланұлы бірге болды.