Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылы 21 ақпаны болып өткен кезекті 60-сессиясында депутаттар бірқатар өзекті мәселелерді қарады. Мәселен, сессияда Сәтбаев қаласы полиция бөлімі бастығының м.а. М.А.Әубәкіровтың қалалық полиция бөлімінің құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес жөніндегі жұмысы туралы ақпараты тыңдалды. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ басшысы Қ.Б.Ашықбаев, «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы М.Т.Бапов нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша атқарылып отырған жұмыстар туралы есеп берді.
Тұрақты комиссиялардың төрағалары Цой В.Л. және Жанасылова Қ.Қ. мәселелерді сессияның қарауына әзірлеу қорытындылары негізіндегі депутаттық жұмыс топтардың анықтамаларын ұсынды. Салық кодексіндегі өзгерістерге сәйкес тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы шешімнің күшін жою туралы шешім қабылданды. Сессияда сонымен қатар жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарт жобалары келісілді; қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының жұмыс органдары сайланды.