2019 жылғы 03 шілдеде қалалық әкімдікте Сәтбаев қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының және кезектен тыс 47 сессия отырыстары өтті. Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында күн тәртібіндегі мәселе алдын ала қаралғаннан кейін сессияда Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 355 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізілді. Депутаттар 28 мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларын мақұлдады.
Тұрақты комиссия отырысында Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шара нәтижелері де қаралды, бұл мәселе бойынша қаланың мемлекеттік мекемелерінің басшылары өз есептерін ұсынды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия және тұрақты комиссиялар отырыстарына қала әкімінің орынбасары А.Қ. Төлендина, бірқатар мемлекеттік мекемелер басшылары қатысты.