Жексенбі, 27 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Қалалық мәслихаттың кезекті 5 сессиясы

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Жұма, 19 Наурыз 2021 05:31
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2021 жылдың 16 наурызында қалалық мәслихаттың 5 сессиясы болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес депутаттар «Сәтбаев қаласы тұтынушыларының үйге ортақ мұқтаждыққа төлемақы төлеуі туралы», «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау шаралары туралы есебі, «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарының жобаларымен келісу туралы» мәселелерді қарап, шешімдер қабылдады.

«Сәтбаев қаласы тұтынушыларының үйге ортақ мұқтаждыққа төлемақы төлеуі туралы» мәселе бойынша «Kazakhmys Distribution» ЖШС-нің атқарушы директоры Ө.О.Жылыбаев, «Казэнергоцентр» ЖШС Жезқазған облысы бойынша өкілі Ю.Черенщикова депутаттарға мәлімет берді.Қазір мәселенің мүдделі органдардың қарауында.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау шараларын іске асыру мәселесі бойынша «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының м.а. А.А.Шоқпытов есеп берді.Сессияның тиісті шешімдерімен 23 жоба келісілді, мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі қалалық ведомстволық штабқа өзгерістер енгізілді. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат Досбол Мейірбек сайланды.

 

 

 

 

 

 

 

Оқылды: 402 рет Соңғы рет өзгертілді: Жұма, 19 Наурыз 2021 08:17