Жексенбі, 27 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 2 сессиясы

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Жұма, 05 Ақпан 2021 10:31
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

 

 

 

 

 

 

 

 

2021 жылдың 3 ақпанында депутат Қайрат Балмағамбетовтың төрағалық етуімен 7-шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 2-сессиясы болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес депутаттар 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджетке және халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы мәселелерді қарады.

Сессияда «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ш.М.Әубәкір, «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Б.Т.Әпеков қаралған мәселелер бойынша тиісті баяндамалар жасады. Депутаттар сонымен қатар қалалық мәслихаттың 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын және мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті. Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов және мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және оның даму келешегі туралы сөз алды.

 

 

WhatsApp Image 2021-02-03 at 16.08.12

WhatsApp Image 2021-02-03 at 16.08.01

WhatsApp Image 2021-02-03 at 16.08.13

WhatsApp Image 2021-02-03 at 16.08.14 (1)

WhatsApp Image 2021-02-03 at 16.08.14

WhatsApp Image 2021-02-03 at 16.08.16

WhatsApp Image 2021-02-03 at 16.08.18

Оқылды: 449 рет