2020 жылғы 28 желтоқсанда өткен Сәтбаев қалалық мәслихатының 79-сессиясында 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджетті және Сәтбаев қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы мәселелер қаралды. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ш.М.Әубәкір аталған мәселелер бойынша баяндама жасады. Тұрақты комиссияның келер жылғы қалалық бюджет туралы қорытындысын комиссия төрағасы Цой В.Л. баяндады. Күн тәртібіне сәйкес қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчуктың 2020 жылы атқарылған жұмыс туралы есебі тыңдалды. Мәслихат хатшысы өз баяндамасында алтыншы шақырылыстың жұмысын жалпы қорытындылады. Депутаттар сонымен қатар күн тәртібінің басқа мәселелері бойынша шешімдер қабылдады. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат Тоқымбаев Е.А. сайланды.
Сессия соңында қала әкімі А.А.Ыдырысов қаланың 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндай келе, депутаттық корпустың үлесін атап өтті.
Қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысқаны және табысты депутаттық қызметі үшін қалалық мәслихаттың бірнеше шақырылымдарының депутаттары Күнеділов Ж.А., Бралин И., Әділбаев К.С., Юстус В.В., Цой В.Л. Сәтбаев қаласының құрмет грамотасымен марапатталды. Депутаттар Ш.С.Мұхамедғалиеваның, Е.А.Тоқымбаевтың, Қ.М.Балмағамбетовтың, Е.Ж. Сатыбалдинның белсенді депутаттық қызметі қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктың және «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.М.Балмағамбетовтың Алғыс хаттарымен аталып өтілді.