2021 жылдың 6 қыркүйегінде қалалық мәслихат хатшысы Хмилярчук Татьяна Ивановнаның төрағалық етуімен 7-шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 15-сессиясы болып өтті.Күн тәртібіне сәйкес депутаттар 2021-2023 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджетіне өзгерістер енгізу, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарының жобаларымен келісу туралы мәселелерді қарады.
Сессияда «Жезқазған кенті әкімінің аппараты» ММ басшысының м.а. Ә.Б. Байтұрсынова,әкім аппаратының стратегиялық жобаларды бақылау және енгізу бөлімінің бастығы А.В.Крацких қаралған мәселелер бойынша тиісті баяндамалар жасады.
Сессия соңында депутаттар мәслихат хатшысы Хмилярчук Т.И. ұсынған қыркүйек айына арналған жұмыс жоспарын талқылады.