Жылу беру маусымының басталуына санаулы уақыт қалды. Тұрғын үйлердің дайындық деңгейі қандай, күзгі-қысқы мерзімге әзірлік ісшаралары орындалды ма - қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчуктың басшылығымен 8 қыркүйекте өткізілген депутаттық рейд осы мәселелерге арналды. Депутаттар бүгін №4 ТКУ мен "Изумруд" ПИКінде болды. Тұрғын үй инспекциясының басшысы Ж.Сейілованың және "СәтТазалық" ЖШС директоры А.Қошановтың қатысуымен депутаттар Абай, Ерден, Құсайынов көшелеріндегі үйлерді аралап қарады. ТКУ, ПИК басшылары атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді. Бүгінгі таңға су құбырларын жөндеу жұмыстары аяқталған, үйлердің жылу беру жүйелері гидравликалық сынақтардан өткізуге дайын. Желілерлі толтыру кезінде мүмкін болатын ақауларды жою үшін барлық шаралар қабылданған. Тұрғын үй инспекциясына таяу арада барлық үйлердің түгел дерлік жылу беру маусымына әзірлік актілерін қабылдау жұмысын аяқтау қажет.
Құрметті Сәтбаев қаласының тұрғындары! Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жылу беру мерзіміне әзірлік мәселесі мәслихат сессиясында қаралады. Сіздер ескертулеріңізді, сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңызды 3-45-23 телефоны арқылы хабарлай аласыздар.