Тұрақты комиссиялардың 2022 жылдың 31 мамырында өткен кеңейтілген отырысында депутаттар Сәтбаев қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру қағидаларын іске асыру және қала кітапханаларын дамытуға бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы туралы мәселелерді қарастырды. Аталған мәселелер бойынша«Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ сектор меңгерушісі Игенберлина М.Б. және «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы Г.Т.Шахманова есеп берді. Депутаттар Ш.С. Жанғаскинова мен Қ.Қ. Смайлов тұрақты комиссиялардың мониторинг нәтижелері бойынша қорытындыларымен таныстырып, орын алған кемшіліктерді атап өтті.Мысалы, кітапханалардағы кітап қоры жыл сайын толықтырылып отырғанымен, жылдар бойы Б.Бұлқышев атындағы орталық кітапханаға күрделі жөндеу жүргізу мәселесі шешілмей келеді, кітапханалардың материалдық-техникалық жарақтандырылуы жаңартуды қажет етеді. Депутаттар оқырмандардың өтініші бойынша сұратылатын электронды кітапхананың (РАБИС автоматтандырылған жүйесі) жұмысын атап өтті. Сәтбаев қаласында көрнекі жарнама орналастыруға арналған барлығы 35 конструкция бар, оның 23-і мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалатын көрнекі жарнамаға арналған. Қабылданған қаулы бойынша тиісті қызметтерге сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы заңнама талаптарының сақталуын тұрақты бақылау, сондай-ақ жарнама объектілерін орналастыру орындарының тиісті деңгейде ұсталуын қамтамасыз ету ұсынылды