Сейсенбі, 29 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Жұма, 11 Қараша 2022 10:50
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2022 жылдың 10 қарашасында қалалық мәслихат хатшысы Т.И. Хмилярчуктың, қала әкімінің орынбасарлары А.Қ. Төлендинаның, Ш.М.Әубәкірдің қатысуымен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.

Депутаттар қаланың жалпы білім беретін мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдарында оқушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру және медициналық қызмет көрсету туралы және Сәтбаев қаласында кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі туралы мәселелерді қарастырды.Аталған мәселелер бойынша«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Б.Б. Ақышбеков, бірқатар медициналық мекемелердің басшылары, «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Д.Р.Төрегелдин, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қалалық филиалының директоры Ғ.Ж.Сүтбаев отырыста есеп берді.

Мәселені отырыстың қарауына әзірлеу барысында депутаттар білім беру нысандарын аралаған болатын. Қаланың жалпы білім беретін барлық 13 мектебінде жабдықталған медициналық кабинеттер жұмыс істейді, медициналық қызметтер бекітілген мемлекеттік стандарттарға сәйкес көрсетіледі.Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі қалалық білім бөлімінің тұрақты бақылауына алынған. Жылдан жылға мектеп асханаларының материалдық-техникалық жағдайы жақсартылып келеді.Барлық мектептерде бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Бизнес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру «Сәтбаев қаласының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметінің бағыттарының бірі болып табылады.Қалада жыл басынан бері 3858 шағын және орта бизнес нысаны тіркелген. ШОБ санын ұлғайту есебінен 59 жұмыс орны құрылды.

Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Оқылды: 525 рет