Басып шығаруға арналған нұсқасы

Жыл сайын қалалық мәслихат депутаттары жазғы кезеңде алдымыздағы жылу беру маусымына әзірлік мәселесін бақылауда ұстайды

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Сейсенбі, 17 Тамыз 2021 11:20
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Жыл сайын қалалық мәслихат депутаттары жазғы кезеңде алдымыздағы жылу беру маусымына әзірлік мәселесін бақылауда ұстайды. Осылайша, 2021 жылдың 11 тамызында мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктің басшылығмен депутаттар Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорынында болды. Кәсіпорында жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі күні ұзындығы 22,4 км желілерді жөндеу аяқталды, 4 сорғы жабдығы ауыстырылды.

Құрметті тұрғындар! Қызмет көрсетуші ұйымдарды, әлеуметтік-тұрмыстық нысандарды және қаланың тұрғын үй қорын 2021-2022 жылу беру маусымына дайындау бойынша рейдтік шаралар одан әрі жалғасады. Сіздер өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды 3-45-23 телефоны арқылы мәслихатқа жолдай аласыздар.

Оқылды: 121 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 18 Тамыз 2021 05:12
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin