Басып шығаруға арналған нұсқасы

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Жұма, 12 Қараша 2021 03:24
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2021 жылдың 11 қарашасында мәслихат хатшысы Т.Хмилярчуктың төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың кезектен тыс 19-сессиясы болып өтті. Депутаттар күн тәртібіне сәйкес «Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 651 «2021 – 2023 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (баяндамашы Жезқазған кенті әкімінің м.а. Ә.Б.Баймұратова) мәселені қарады. Жезқазған кентінің алдағы уақытта таратылуына байланысты «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының негізінде «Жезқазған кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» және «Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» шешімдердің күшін жою жөнінде актілер қабылдады. Депутаттар жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы 7 шарт жобасымен келісті, сондай-ақ қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Сәтбаев қаласы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның құрамын өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Ш.М.Әубәкір қатысып отырды.

 

Оқылды: 245 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin