2021 жылдың 9 желтоқсанында мәслихат хатшысы Т.Хмилярчуктың төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың кезектен тыс 21-сессиясы болып өтті. Сессияда депутаттар күн тәртібіне сәйкес «Сәтбаев қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы З.Таянованың баяндамасын талқылап, Сәтбаев қаласында жайылымдарды басқару және оларды пайдаланудың 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекітті.Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттар жобаларымен келісті, кадрлық өзгерістерге байланысты сессия шешімімен қала әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.
Сондай-ақ, депутаттар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан қала тұрғындарына «Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсынысын қарады.
Сессияда қабылданған шешімдер жергілікті басылымда жаряланады.