Басып шығаруға арналған нұсқасы

Үшжылдық бюджет бекітілді

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Жұма, 24 Желтоқсан 2021 03:38
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Қалалық мәслихаттың 2021 жылғы 23 желтоқсанда өткен 23-сессиясында Сәтбаев қаласының үшжылдық бюджеті бекітілді. Сессияда «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының м.а К.Қ.Бегенованың 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы баяндамасы тындалды. Депутат Ахтямов Р.Н тұрақты комиссияның қорытындысымен таныстырды. Үшжылдық бюджет жобасына қосымша түсініктемелер жасаған Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов қаланың 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы баяндады. Күн тәртібіне сәйкес қалалық мәслихаттың экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі және әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының атқарған жұмыстары жөніндегі есептер қаралды. Депутаттар сонымен қатар қалалық мәслихаттың 2020 жылғы 28 желтоқсандағы «Сәтбаев қаласын дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» № 639 шешімін жою туралы шешім қабылдады, қалалық мәслихаттың 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

 

 

Оқылды: 193 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin