Басып шығаруға арналған нұсқасы

2021 жылы 29 желтоқсанда Сәтбаев қалалық мәслихатының онлайн режимде өткен кезектен тыс 24 сессиясында депутаттар Сәтбаев қаласының бас жоспарының жобасын түзетілуіне байланысты мақұлдады

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Бейсенбі, 30 Желтоқсан 2021 08:18
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

 

2021 жылы 29 желтоқсанда Сәтбаев қалалық мәслихатының онлайн режимде өткен кезектен тыс 24 сессиясында депутаттар Сәтбаев қаласының бас жоспарының жобасын түзетілуіне байланысты мақұлдады. Қалада Жезқазған кентінің және оған іргелес елді мекендердің тұрғындарын көшіру үшін «Нұрлы мекен» және «Байқоныс» шағын аудандарының құрылысы салынды. «Қазгипроград» жобалау институты» ЖШС мамандары - жобаның бас сәулетшісі Р.Хайрулин және инженерлік желілер бойынша бас маман А.Темірбаевтың баяндамаларында айтылғандай, жобаның негізгі мақсаты қолайлы өмір сүру ортасын құруды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық және аумақтық дамудың ұзақ мерзімді перспективаларын айқындау, жалпы жоспарлау құрылымын, қала құрылысының функционалдық аймақтарын, инженерлік және көлік инфрақұрылымының іргелі шешімдерін қалыптастыру болып табылады. Сессия соңында мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук өткен жылды қорытындылап, сессияға қатысушыларды келер Жаңа жылмен құттықтады.

Оқылды: 58 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin