Қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И.Хмилярчук Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысын өткізді. Отырыста ашық дауыс беруге қатысқан үкіметтік емес ұйымдардан жұмыс тобының мүшелігіне ұсынылған кандидаттардың көпшілік даусымен жұмыс тобына мүшелер сайланды. Топ басшысы болып Қазақстан халқының қоғамдық, рухани және ұлтаралық келісім орталығының директоры Гүлназ Рашитқызы Гатиятова сайланды. Жұмыс тобының шешімімен Сәтбаев қаласы Қоғамдық кеңесінің үшінші құрамының мүшелер саны қала тұрғындарының жалпы санына байланысты 11 адам болып айқындалды. Отырысқа БАҚ-нан және мемлекеттік органнан қадағалаушылар қатысты.
Қоғамдық кеңестер туралы заңнаманың нормаларына сәйкес жұмыс тобы қоғамдық кеңестің жұмыс істеп тұрған құрамының өкілеттіктер мерзімі өткенге дейін, яғни 2022 жылдың 19 ақпанына дейін кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.
Сәтбаев қалалық мәслихаты хатшысының
ӨКІМІ
Сәтбаев қаласы № 44/2-1 2021 жылғы 30 желтоқсан
Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы туралы
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының негізінде және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес:
1. Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру мақсатында келесі құрамда жұмыс тобы бекітілсін:
1. Гатиятова - «Қазақстан халқының қоғамдық, рухани
Гульназ Рашитовна және ұлтаралық келісім орталығы»
КММ директоры, жұмыс тобының басшысы;
2. Әбдуалиева - «Аяулым» ҚБ төрағасы;
Қаламқас Қыдырбайқызы
3. Кригер - «№ 15 жалпы орта білім беретін мектебі»
Надежда Васильевна КММ бастауыш сынып мұғалімі;
4. Қыдырбеков - «Нығмет» ҚБ төрағасы;
Алмас Шарифоллаұлы
5. Ташетов - «№ 16 жалпы орта білім беретін мектебі»
Құрманғали Жүсіпұлы КММ музыка пәні мұғалімі;
6. Құрақбай - «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі»
Амангелді Қайратұлы ММ басшысының орынбасары;
7. Махамбетова - «Сәтбаев қалалық мәслихатының
Қарлығаш Мамедқызы аппараты» ММ аппарат басшысы.
2. Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушылардың тізімі бекітілсін:
1. Ильясова - Сәтбаев қалалық «Шарайна» газетінің
Нурия Анварбековна редакциясы» ЖШС директоры;
2. Нүрпейісов - «Ақшам» телеарнасының директоры;
Ғалымжан Бодықұлы
3. Шалқарбаева - «Сәтбаев қаласының әкімі аппараты» ММ
Айнагүл Сағындыққызы әлеуметтік сала бөлімінің әдіскері.
Сәтбаев қалалық
мәслихатының хатшысы Т. Хмилярчук