2022 жылы 11 қаңтарда қалалық мәслихатта Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы болып өтті. Жұмыс тобы 2022 жылдың 17-28 қаңтары аралығында Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялау туралы шешім қабылдады, сонымен қатар конкурс өткізу бойынша басқа да ұйымдастыру мәселелерін қарады. Жұмыс тобының конкурс өткізу туралы хабарландыруы қалалық мәслихаттың http://maslihat.satpaev.gov.kz интернет-ресурсында және мәслихаттың Fасеbооk, Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады.