Басып шығаруға арналған нұсқасы

Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс өткізуді тоқтата тұру туралы ХАБАРЛАМА

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Сәрсенбі, 19 Қаңтар 2022 00:00
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 2-1-бабы 2-тармағының 2), 8) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №05-21/129 хаты негізінде:

Сәтбаев қаласының мәслихаты Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсты өткізудің 2022 жылғы 20 қаңтардан бастап белгісіз мерзімге ТОҚТАТЫЛА ТҰРАТЫНЫ туралы хабарлайды.

Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс өткізуді қайта бастау туралы ақпарат Сәтбаев қалалық мәслихатының ресми сайтында орналастырылады (http://maslihat.satpaev.gov.kz) және қолданыстағы заңнамаға сәйкес үміткерлердің назарына жеткізіледі.

Қарағанды облысының барлық деңгейдегі қоғамдық кеңесінің жұмыс істейтін құрамы уәкілетті орган шешім қабылдағанға дейін өз қызметін жалғастырады.

Сәтбаев қалалық мәслихаты

Оқылды: 72 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin