2022 жылдың 24 қаңтарында мәслихат хатшысы Т.Хмилярчуктың төрағалығымен online режимде өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс 25 сессиясында депутаттар екі мәселе қарады. 2022 – 2024 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша Жезқазған кенті әкімінің м.а. Ә.Баймұратова баяндама жасады. Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі жер комиссиясының құрамы бекітілді.