2022 жылдың 7 сәуірінде Сәтбаев қалалық мәслихаты депутаттарының Б.Момышұлы атындағы № 1 мектеп-гимназиясының ұжымымен есеп беру кездесуі өтті. Қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук, «AMANAT» партиясы қалалық филиалының жауапты хатшысы Қ.Балмағамбетов, Жылу энергетика кәсіпорнының директоры, депутат Ә.Исанов Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының негізгі тезистері бойынша және қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ депутаттық өкілеттіктерін жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Кездесу соңында депутаттар жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.