Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттары Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың бұрынғы Жезқазған облысының аумағында әкімшілік орталығы Жезқазған қаласы болатын Ұлытау облысын құру туралы бастамасын бірауыздан қолдады. Қалалық мәслихаттың 2022 жылдың 12 сәуірінде өткен кезектен тыс 28-сессиясында бұл туралы мәслихаттың бірлескен шешімі мен әкімдіктің қаулысы қабылданды.Қала әкімі А.Ыдырысов, мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук, депутаттар Т.Макишев, Д.Мейірбек атап өткендей, Ұлытау облысының құрылуы жаңадан құрылған әкімшілік бірлік құрамына енетін қаламыздың дамуына тың серпін береді. Сессияда сонымен қатар Жезқазған кентінің бюджетін нақтылау және жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.