2022 жылғы 18 мамырда Aitube арнасы арқылы тікелей эфирде Сәтбаев қалалық мәслихатының 29-сессиясы өтті.Отырыстың күн тәртібіне сәйкес Сәтбаев қаласының және Жезқазған кенті бюджеттерінің 2021 жылғы орындалуы туралы есептер бекітілді. Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі В.Ф.Александрованың қатысуымен өткен тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысындағы олардың алдын ала қаралуында тиісті мемлекеттік мекемелердің басшылары баяндамалар жасап, түсініктемелер берді.Күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша депутаттар қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық жұмыстары бөлімінің басшысы Н.Р.Салиховтың «Сәтбаев қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыру жөніндегі жұмыс туралы» баяндамасын тыңдады, тұрақты комиссияның төрағасы Ш.С.Мұхамедғалиева жұмыс тобының қорытындысымен таныстырды.Одан әрі депутаттар қалалық мәслихаттың 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №148 «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесін қарады. Сессия жұмысына қала әкімі А.А.Ыдырысов және мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары қатысты.