VІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты
хатшысының шешімі
Сәтбаев қаласы 2022 жылғы 29 шілде
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 30-сессиясын шақыру туралы
Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы онлайн режимі (ZOOM қосымшасы арқылы бейнеконференция жүйесі) арқылы 2022 жылғы 02 тамыз сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен шақырылсын:
1. «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту жөнінде.
2.Сәтбаев қалалық мәслихатының «2022 – 2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 148 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Тұрақты комиссиялардың отырыстары онлайн режимі (ZOOM қосымшасы арқылы бейнеконференция жүйесі) 2022 жылғы 02 тамыз сағат 10.00-де өтеді.
Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук