Басып шығаруға арналған нұсқасы

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясындағы көпшілік тыңдаулар

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Дүйсенбі, 05 Қыркүйек 2022 04:10
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2022 жылғы 2 қыркүйекте № 15 орта мектебінде қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясындағы Сәтбаев қаласының Павел Шаталюк көшесін Кәкімбек Салықов көшесі, Горняцкая көшесін Павел Шаталюк көшесіне қайта атау мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар болып өтті. Көпшілік тыңдауларға мүдделі мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, қаланың құрметті азаматтары және тұрғындар қатысты. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Қ.Ж.Төлеш баяндаған ұсыныстар қатысушылардың көпшілік дауысымен қолдауға  ие болды. Қайта атау беру  бойынша ұсыныстар бірлескен қала әкімдігінің қаулысымен және мәслихат шешімімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізілетін болады.

Оқылды: 520 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin