Басып шығаруға арналған нұсқасы

Қалалық мәслихаттың кезекті 33 сессиясы

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Сәрсенбі, 28 Қыркүйек 2022 06:00
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2022 жылдың 27 қыркүйегінде өткен қалалық мәслихаттың кезекті 33 сессиясында Сәтбаев қаласының әкімі А.А. Ыдырысов депутаттар алдында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді. Есепті баяндамасында әкім қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы жоспарлары туралы ақпарат ұсынылды.

Биыл 8 шағын ауданнан бастап Батыс ауданы, 6 шағын ауданы арқылы, шаруашылық – нәжістік тазалау құрылғыларына дейінгі кәріз желісінің құрылысы басталды.Бүгінгі таңда жоспарланған 32 шақырымның 11 шақырымы салынды.Қалада жүзеге асырылып жатқан тағы бір үлкен жоба - Есқұла су қоймасын іске қосу.Осы жоба шеңберінде 3-көтермелі сорғы станциясының, хлоратордың, тұз қоймасының құрылысы, ішкі сантехникалық желілердің құрылысы, электр сорғы жабдығын, сумен жабдықтау ұңғымаларын монтаждау, сондай-ақ резервуар конструкциясын күшейту аяқталды.Бүгінде көлемі 5000 текше метр болатын бұрынғы резервуардың құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.Жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Биыл 320 орындық балабақшаның құрылысы да аяқталады.Шығыс ауданының жылу желісінің құрылысы толығымен аяқталып, нәтижесінде Алаш, Бокин, Молдағұлова, Иманов және Уәлиханов көшелері бойынша 150 үй орталық жылуға қосылатын болады.Мұқанов, Ерден көшелерінің бойындағы жалпы ұзындығы 1 км кәріз желісінің құрылысы аяқталды.«Юность» стадионын қайта құру жұмыстары аяқталуда. Қаланың орталық көшелері, аулалары, жолдары жөндеу және абаттандырумен қамтылғанын ескере отырып, әкімдіктің жоспарында осындай жұмысты қаланың төменгі бөлігінде де жүргізу көзделген.

Одан әрі депутаттар «Қаланың автокөлік жолдарын жөндеу және аулаларды абаттандыру жұмыстарының сапасы мен тиімділігі туралы» мәселелерді қарастырды. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Н.А. Кенжеғұловтың ақпараты тыңдалды.Тұрақты комиссияның төрағасы С.Н. Нарботаев депутаттық рейдтердің қорытындысы бойынша анықталған ұсыныстар мен ескертулерді баяндады.Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қалмағанбетов көшесінің автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, мұнда жол төсемін фрезерлеу, бетон жиектас тастар мен қабыршақтарды орнату, жаяу жүргіншілер тротуарын асфальттау және құдықтар қақпақтары мен корпустарын монтаждау бойынша жұмыстар аяқталды.Ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін көше жолы жеке үйлерге қарай асфальтталады.Қаланың төменгі бөлігіндегі Тәуелсіздік даңғылы 22,24, Сәтбаев даңғылы 91, 93, 93а, 95, 97, 99, 103, Құсайынов көшесі 25а тұрғын үй аулаларын абаттандыру бойынша, атап айтқанда, жолдың жүру бөлігін кеңейте отырып, ескі бордюрларды жаңасымен ауыстырып, монтаждау және автотұрақтарын орнату, сондай-ақ жол жабынын асфальттау бойынша жұмыстар аяқталды.Сессияда, сондай-ақ, қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының (Ш.С.Мұхамедғалиева) есебі тыңдалды; қалалық бюджетті нақтылау туралы, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына П. Шаталюк көшесін К. Салықов көшесіне, Горняцкий көшесін Шаталюк көшесіне қайта атау бойынша ұсыныстар енгізу туралы мәселелер қаралды, учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалғандардың орнына мүшелер сайланды. Сессия мәслихат хатшысы Т.Хмилярчуктың төрағалығымен Аitube платформасы арқылы тікелей эфирде өтті.

 

Оқылды: 536 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 28 Қыркүйек 2022 06:27
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin