Басып шығаруға арналған нұсқасы

Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тамақтандыруды ұйымдастыру және медициналық көмек көрсету мәселелері мемлекеттің жіті назарында

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Жұма, 30 Қыркүйек 2022 03:33
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тамақтандыруды ұйымдастыру және медициналық көмек көрсету мәселелері мемлекеттің жіті назарында.Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялай отырып, өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы біздің жалпыұлттық міндетіміз болып табылатынын атап өтті.Қалалық мәслихат депутаттары бұл мәселелерді тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында қарайтын болады.Ағымдағы жылдың 28-29 қыркүйегінде өткен депутаттық бақылаумен белгіленген мәселелер бойынша Сәтбаев қаласының білім бөлімі жоспарлы жұмыс жүргізуде.Барлық мектептер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жабдықталған медициналық кабинеттер жұмыс істейді, олар орта буын медицина кадрларымен, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған препараттармен қамтамасыз етілген.Барлық білім беру ұйымдарында ауыз су режимі қамтамасыз етілген, асханалар жұмыс істейді, есепке алу құжаттамасы жүргізіледі, тамақтану рационы бірыңғай стандарттар мен санитариялық талаптарға сәйкес келеді.Балалар жылы аясында 1-4 сыныптардың 5238 оқушысы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан 622 бала ыстық тамақпен қамтылған. Білім беру мекемелерін аралау барысында ағымдағы мәселелер талқыланды.

Оқылды: 541 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin