Басып шығаруға арналған нұсқасы

Сәтбаев қалалық мәслихатының әлеуметтік қорғау, құқықтық тәртіп және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясында Сәтбаев қаласының кейбір көшелерін қайта атау мәселесі бойынша өткен көпшілік тыңдаудың нәтижесі (хаттамадан үзінді)

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Сәрсенбі, 12 Шілде 2017 11:46
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Сәтбаев қаласының кейбір көшелерін қайта атау мәселесібойынша көпшілік тыңдау 2017 жылғы 11 шілдеде Сәтбаев қаласы, Комаров көшесі, 11мекенжайында орналасқан № 19 жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында өтті. Тыңдауға жалпы 140 адам қатысты.

Күн тәртібіне Сәтбаев қаласындағы Комаров көшесін Мәңгілік ел көшесі, Первостроителей көшесін Алаш көшесі деп қайта атау туралы мәселелер енгізілді.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыру нәтижесі бойынша төмендегідей шешім қабылданды:

Көшенің қазіргі атауы

Қайта атау беруге ұсыныстар

Қатысқан адам саны

Қолдаған адам саны

Қарсы болған адам саны

%

1

Комаров  көшесі

Мәңгілік ел көшесі

140

140

-

100

2

Первостроителей көшесі 

Алаш көшесі

140

139

1

99


Сәтбаев қаласының Комаров көшесін Мәңгілік ел көшесі,  Первостроителей көшесін Алаш көшесі деп қайта атау бойынша ұсыныстар бірлескен Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулысымен және Сәтбаев қалалық мәслихатының шешімімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізілетін болады.

 


Оқылды: 355 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin