2017 жылғы 20 қыркүйекте қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И. Хмилярчук Татьяна Ивановнаның төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының 20 сессиясы өтті.
Сессияда Cәтбаев қаласының әкімі Ыдырысов Асқар Абылайұлының өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі тыңдалды.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы Жезқазған аймақтық өкілдігінің басшысы Б.Ә. Айтпаева «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының» Сәтбаев қаласында іске асырылу барысы туралы баяндама жасады. Әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Мұхамедғалиева Ш.С. осы мәселе бойынша депутаттық жұмыс комиссиясының анықтамасын ұсынды.
Сессия отырысында әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ.Қ. Жанасылованың өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Депутаттар сондай-ақ, облыс әкімдігімен ұсынылған 43 мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларын мақұлдады.