2017 жылғы 4 желтоқсанда қалалық әкімдікте Сәтбаев қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының және кезектен тыс 22 сессия отырыстары өтті. Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында күн тәртібіндегі мәселелер алдын ала қаралғаннан кейін сессияда 2017 жылға арналған қалалық бюджетке нақтылау енгізілді, қаланың Құрмет грамотасымен наградтауға құжаттар ұсыну мерзімін 20 күннен 7 күнге дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Қарағанды облысының әкімі Е.Ж. Қошановтың ұсынысы бойынша Сәтбаев қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына полиция майоры Сабыржан Өміржанұлы Сейітжановтың кандидатурасы келісілді.
Тұрақты комиссия отырысында Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылдың 9 айындағы Сәтбаев қаласы бюджетінің атқарылуының ағымдық бағалауы туралы ақпараты қаралды, бұл мәселе бойынша қаланың мемлекеттік мекемелерінің басшылары өз есептерін ұсынды.
Сессия және тұрақты комиссиялар отырыстарына қала әкімінің орынбасары А.Қ. Төлендина, қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы М.С. Мәдиева, бірқатар мемлекеттік мекемелер басшылары қатысты.