Сәтбаев қалалық мәслихаты депутаттарының 2017 жылғы 7 желтоқсанда №1 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында өткен № 3 және 4 сайлау округтері шекарасында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кезекті кездесуі қалыптасқан дәстүр бойынша қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктің кіріспе сөзімен және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы баяндамасымен басталды. Одан әрі сөз алған депутат Әділбаев Қ.С. жиналғандардың назарына кәсіпкерлікті дамыту туралы ақпарат ұсынды. Қала әкімдігінің әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Таңсықпаева Г.Ө. қала тұрғындарына медициналық қызмет көрсету мәселелері туралы баяндады. Кездесу жиналысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берумен аяқталды.
Еңбек ұжымдармен келесі кездесу ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында № 14 орта мектепте өтеді.