Басып шығаруға арналған нұсқасы

Еңбек ұжымдарымен кездесу

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Сейсенбі, 19 Желтоқсан 2017 06:19
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Қалалық мәслихат депутаттарының  биылғы жылға жоспарланған ақпараттық-насихаттық кездесулері аясында мәслихат хатшысының №1,2 сайлау округтерінің шекарасында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесуі 2017 жылдың 13 желтоқсанында №14 орта мектептің акт залында өтті. Қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктің қаланың әлеуметтік-саяси жағдайы және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасынан кейін жиналғандар алдында «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а. Ж.Н.Дәнекеева, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы м.а А.А.Шоқпытов тиісті салалар бойынша заңнамаға түсініктемелер берді. Кездесу жиынға қатысушылар мен қалалық мәслихат хатшысы және атқарушы орган басшылары арасындағы диалогпен аяқталды.

Оқылды: 1187 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin