Басып шығаруға арналған нұсқасы

Сәтбаев қалалық мәслихаты VІ шақырылысының 23-сессиясы төрағасының шешімі

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Бейсенбі, 21 Желтоқсан 2017 12:08
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Сәтбаев қаласы                                                              2017 жылғы 8 желтоқсан

Қалалық мәслихаттың 23-сессиясын шақыру туралы

Сәтбаев қалалық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы 2017 жылғы 26 желтоқсанда сағат 15.00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ шақырылсын.

Қ. Әділбаев,
сессия төрағасы

Хабарлама

         Қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 26 желтоқсандағы 23-сессиясында қарауға ұсынылатын мәселелер:
1. 2018 – 2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы.
2. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 407 «2016 – 2020 жылдарға арналған Сәтбаев қаласының даму бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Сәтбаев қаласы аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы жергілікті полиция қызметі бастығының есебі жөнінде.
4. Қалалық мәслихат хатшысының атқарған жұмысы туралы.
5. Сәтбаев қаласының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы.
6. Қалалық мәслихаттың 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
7. «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ 2018 жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекіту туралы.
8. Қалалық мәслихаттың 24-сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Тұрақты комиссиялардың отырыстары 2017 жылғы 25 желтоқсанда сағат 16.00-де қала әкімдігінің кіші залында өтеді.

Т. Хмилярчук,
қалалық мәслихат хатшысы

                                                                             

Оқылды: 1240 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin