Басып шығаруға арналған нұсқасы

Жолдауды талқылау

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Сейсенбі, 23 Қаңтар 2018 05:54
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2018 жылдың 19 қаңтарында Сәтбаев қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған  кеңейтілген  отырысы өтті.
Отырыс қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктың кіріспе сөзімен басталды, ол өз сөзінде жаңа стратегиялық құжатта Мемлекет басшысы ел дамуының өзекті мәселеріне егжей-тегжейлі жауаптар беріп отырғандығын атап өтті. Депутаттар Цой В.Л., Жанасылова Қ.Қ., Тоқымбаев Е.А., Мұхамедғалиева Ш.С., Бралин И.  Жолдауда қойылған 10 негізгі міндетке тоқталды. Депутаттардың Жолдауды іске асыру бойынша көтерген бастамаларын қолдап Қоғамдық кеңестің төрағасы М.С. Мәдиева, татар-башқұрт этномәдени орталықтың басшысы Р.Р. Абузярова, «Тәуекел» мүгедектер қоғамы» ҚБ басшысы А.У. Қошанов сөз сөйледі.

Оқылды: 1367 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin