Басып шығаруға арналған нұсқасы

Сәтбаев қалалық мәслихаты VІ шақырылысының 25-сессиясы төрағасының шешімі

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018 04:20
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Сәтбаев қаласы                                                                      2018 жылғы 6 ақпан

Қалалық мәслихаттың 25-сессиясын шақыру туралы

Сәтбаев қалалық мәслихатының кезекті жиырма бесінші сессиясы 2018 жылғы 22 ақпанда сағат 11.00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ шақырылсын.

                                                                                                        Е. Сатыбалдин,
сессия төрағасы

Хабарлама

         Қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 22 ақпандағы 25-сессиясында қарауға ұсынылатын мәселелер:
1. «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы туралы.
2. Экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
3. Сәтбаев қаласының қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының есебі туралы.
4. Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы.
5. Қалалық мәслихаттың 26-сессиясының редакциялық комиссиясын cайлау туралы.
6. Қалалық мәслихаттың 26-сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Тұрақты комиссиялардың отырыстары 2018 жылғы 21 ақпанда сағат 16.00-де қала әкімдігінің кіші залында өтеді.

 

                                                                                                           Т. Хмилярчук,
қалалық мәслихат хатшысы

Оқылды: 1233 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin