Басып шығаруға арналған нұсқасы

Қоғамдық кеңестің құрамына шығып қалған мүшесінің орнына конкурс туралы хабарландыру

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Дүйсенбі, 09 Сәуір 2018 10:16
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 2018 жылдың 10 – 19 сәуірі аралығында Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына шығып қалған мүшесінің орнына коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар, өтініштер қабылдайтындығын хабарлайды.   
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатты коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруғаалкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгілері қосымшаланған);
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады (үлгі қосымшаланған).
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидат қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Ұсыныстар мына мекен-жай бойынша: Сәтбаев қаласы, Академик Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108, № 35  кабинет, тел.: 3-44-53, 3-50-72, күн сайын қабылданады, жұмыс уақыты 09.00-ден 18.30-ге дейін, үзіліс уақыты 13.00-ден 14.30-ге дейін. Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ.

Ескерту: егер кандидат «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы бойынша мәліметтер ұсынбаған жағдайда кандидат осы мәліметтер бойынша сұраныс жасауға жазбаша келісім береді.

ҮЛГІ

 

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін
қалыптастыру жөніндегі
жұмыс тобының басшысы
Т.И.Хмилярчук

 

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына
кандидат ұсыну туралы
ӨТІНІШ

Мен, ___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабымен Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігімді растаймын (тиісті анықтамаларды қосымшалауды ұсынамыз).
Конкурс туралы хабарландырумен қарастырылған құжаттарды осы өтінішке  қосымша ұсынамын.

 

20___ жылғы «____» _________  ______________    ____________________
(қолы)                            (атының бастапқы әрпі, тегі)

 

 

 

 

 

 

 

ҮЛГІ

 

 

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін
қалыптастыру жөніндегі
жұмыс тобының басшысы
Т.И.Хмилярчук

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына
кандидат ұсыну туралы
ҰСЫНЫС

_____________________________________________________________________________
(коммерциялық емес ұйымның атауы)
___________________________________________________ аумағында тіркелген және

(немесе) өз қызметін жүзеге асырушы,

заңды мекен-жайы:
_____________________________________________________________________________

қызмет мақсаты:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына ұсыну үшін  _________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________________________________________________________________
лауазымы (немесе өзге статусы)
кандидатурасын қарауды сұрайды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабымен Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігімді растаймыз (тиісті анықтамаларды қосымшалауды ұсынамыз).
Кандидаттың кәсіптік және (немесе) өзге қызметі туралы мәліметтер, өмірбаян деректері көрсетіле отырып қосымшаланған. 

20____ жылғы «____» _________  
_______________________             ____________________       __________________________
(лауазымы)                                                            (қолы)                                         (атының бастапқы әрпі, тегі)

Мөр орны

 

 

 

ҮЛГІ

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидаттың
ӨМІРБАЯН ДЕРЕКТЕРІ

1. Аты-жөні ___________________________________________________________________

2. Туған күні, айы, жылы _______________________________________________________

3. Туған жері __________________________________________________________________

4. Қазақстан Республикасының азаматтығы ________________________________________

5. Ұлты *_____________________________________________________________________

6. Білімі, мамандығы ___________________________________________________________

7. Жұмыс орны, лауызымы ______________________________________________________

8. Партиядағы мүшелігі *________________________________________________________

9. Тұрғылықты мекен-жайы _____________________________________________________

10. Жеке куәлігі (төлқұжаты)  ­­№ ________________ берілген _________________________
(қашан және кіммен)    
ЖСН ________________________________________________________________________

11. Байланыс телефондары, электрондық мекен-жайы
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

12. Қосымша мәліметтер (наградалары, сайланбалы органдарға қатысуы туралы мәліметтер,

хабарлағыңыз келетін басқа да мәліметтер) _____________________________
_____________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________

(кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса ұсынылады)

 

________________       ____________________________
(кандидаттың қолы)                     (атының бастапқы әрпі, тегі)

2018 жылғы «____» _______________
(толтырылған күні)    

* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабының 1-тармағына сәйкес қай ұлтқа жататындығы және партияға мүшелігі туралы мәлімет үміткердің еркіне байланысты көрсетіледі.

Оқылды: 4730 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin