Басып шығаруға арналған нұсқасы

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 27-сессиясы

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Дүйсенбі, 23 Сәуір 2018 04:52
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2018 жылғы 18 сәуірде Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 27 сессиясы өтті.
Кезектен тыс сессияның күн тәртібіне сәйкес 2018 жылға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізілді, бюджетті нақтылау бойынша «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары Ш.М. Әубәкіров баяндама жасады. Сессияда нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларымен келісу, кадрлық өзгерістерге байланысты қала әкімі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгеріс енгізу жөніндегі мәселелер қаралды.
Сессия отырысына қала әкімінің орынбасары С.Н. Нарботаев, бірқатар мемлекеттік мекемелер басшылары қатысты.

Оқылды: 5572 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin