Дүйсенбі, 05 Мамыр 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Бөлім:  Нормативно-правовые акты Бейсенбі, 17 Мамыр 2018 10:45

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
Қарағанды облысы Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акт 2018 жылғы 25 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4723 болып енгізілді

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы                                             № 265                               2018 жылғы 18 сәуір

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актiлер туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық                мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы,                         
қалалық мәслихат хатшысы                                                     Т. Хмилярчук                                                             

 

 

 

 

 

 

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының
2018 жылғы 18 сәуірдегі
27 сессиясының № 265 шешіміне
қосымша

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2011 жылғы 25 наурыздағы 33сессиясының № 417 «Салық салу объектісі бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-122 болып тіркелген, 2011 жылғы 6 мамырдағы «Шарайна» № 35 (1901) газетінде жарияланған).
2. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 ақпандағы 3сессиясының № 25 «Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Сәтбаев қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін базалық ставканы ұлғайту мақсатында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде          № 8-6-137 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 наурыздағы «Шарайна» № 23 (1994) газетінде жарияланған).
3. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 желтоқсандағы 23сессиясының № 189 «Автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, салық салу мақсаты үшін жер салығының базалық ставкасын түзетумен жерлерді өңірлерге бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2479 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 қаңтардағы «Шарайна» № 1 (2088) газетінде және 2014 жылғы 14 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы 51сессиясының № 432 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемесін жоғарылату туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3688 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 наурыздағы «Шарайна» № 10 (2199) газетінде және 2016 жылғы 18 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
5. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 15 шілдедегі 8сессиясының № 65 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3929 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 тамыздағы «Шарайна» № 32 (2221) газетінде және 2016 жылғы 23 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Оқылды: 1315 рет