Басып шығаруға арналған нұсқасы

Бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Сәрсенбі, 30 Мамыр 2018 04:21
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2018 жылғы 29 мамырда қала әкімі А.А. Ыдырысовтың, мемлекеттік мекемелер басшыларының және қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Сәтбаев қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес депутаттар 2017 жылға арналған қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті тыңдады. Осы мәселе бойынша «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Е.Х.Сәкеевтің есебінен кейін Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі В.Ф. Александрова, экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы В.Л. Цой қорытынды жасады. Талқылау соңында қала әкімі А.А.Ыдырысов мемлекеттік мекеме басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Осы күні депутат Ш.С. Мұхамедғалиеваның төрағалық етуімен өткен қалалық мәслихаттың 29 сессиясында депутаттар 2017 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіткеннен кейін қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктің ұсынысы бойынша күн тәртібіне енгізілген бірқатар мәселелерді қарады. «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі заңнамасының іске асырылу барысы туралы» мәселе бойынша қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары А.А.Шоқпытов баяндама жасады, әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ.Қ. Жанасылова депутаттық комиссиясының анықтамасын ұсынды. Сессияда Жезқазған кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту, 2018 – 2020 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджетіне өзгерістер енгізу, тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу жөнінде нормативтік құқықтық шешімдер қабылданды, тиісті жобаларды әзірлеуші органдар басшылары – Жезқазған кентінің әкімі Б.Ә. Әбен, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары А.А.Шоқпытов, Сәтбаев қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Қ. Серікбаев ұсынды. Сондай-ақ, Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына және діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі қалалық кеңестің құрамына өзгерістер енгізу туралы шешімдер қабылданды.  Кезекті сессияның төрағасы болып № 9 сайлау округінен депутат Тоқымбаев Ержан Аманжолович сайланды.

Оқылды: 1166 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin