2018 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттары Рысқали Қалиақпарұлы Әбдікер және Сергей Михайлович Ершов Сәтбаев қаласында жұмыс сапарымен болды. Парламент депутаттары «Қазақмыс» корпорацисы Технологиялық колледжінде, Қазақстан халқының рухани, қоғамдық және ұлтаралық келісім орталығында болды, жаңа коттедждік қалашықтың құрылысымен танысты.
Сенаторлар қала әкімдігінде қалалық мәслихат депутаттары, қала активі және құқық қорғау органдарының басшыларымен болған кездесуде Парламенттің заңшығарушылық қызметі мен Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» туралы баяндады.
Жұмыс сапарында Парламент депутаттарын қалалық мәслихат хатшысы Татьяна Ивановна Хмилярчук алып жүрді.



