Cәтбаев қалалық мәслихатының депутаттары жөндеу жұмыстарының барысымен танысу мақсатында 2018 жылдың 14 тамызында қалалық білім бөлімінің күрделі жөндеу жүргізіліп жатырған № 7, 20, 22 балабақшаларында және ішінара терезе алмастырумен ағымдағы жөндеуден өткізіліп жатырған № 27 жалпы білім беру мектебінде депутаттық рейдтер өткізді. Рейд барысында депутаттарға білім бөлімінің және мердігер ұйымдардың басшылары түсініктемелер берді.